KZ
27 шілде 2025, 05:46
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
23.07.2025 11:45 #Корпоративтік уақиғалар

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ және Click стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды

/KASE, 23.07.25/ – "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (KASE тикері – HSBK) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

23 шілде 2025, Алматы, Қазақстан. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (бұдан әрі – Halyk, Банк) "Click" Өзбекстан АҚ (бұдан әрі – Click) акционерлерімен стратегиялық келісім жасасқаны, Click-тің 49% акцияларын сатып алғаны туралы, сондай-ақ өзінің Өзбекстандағы еншілес банкі "Tenge Bank" АКБ-нің (бұдан әрі – Tenge Bank) 49% акцияларын Click акционерлеріне сатқаны туралы қуана хабарлайды.

Келісім талаптарына сәйкес, Halyk Click-тің 49% акциялары үшін 176.4 млн АҚШ доллары мөлшерінде төлем жүргізеді. Өз кезегінде Click акционерлері Tenge Bank-тің 49% акциялары үшін 60.76 млн АҚШ долларын төлейді. Мәміле құрылымы тараптарға дербес заңды тұлғалар мәртебесін сақтай отырып, тығыз серіктестікте жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Мәмілелерді аяқтау Қазақстан мен Өзбекстанда тиісті реттеушілік келісімдер алғаннан кейін жоспарланып отыр.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

[2025-07-23]