22 шілде күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 24 шілдеде болатын МЕУКАМ KZKD00001277 (MUM108_0015) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті
/KASE, 22.07.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2025 жылдың 24 шілдесінде болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (МЕУКАМ) KZKD00001277 (MUM108_0015) мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 2 469 856 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 89,6367 % (кірістілік – жылдық 16,80 %) деңгейінде белгіледі.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 24 шілдеде болатын және өтелгенге дейінгі мерзімі 8,6 жыл МЕУКАМ KZKD00001277 (MUM108_0015) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-07-22]