KZ
26 шілде 2025, 00:35
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
22.07.2025 15:01 #Корпоративтік уақиғалар

Анонс: 15 қыркүйекте "Эйр Астана" АҚ Лондон қор биржасында Capital Markets Day 2025 өткізеді

/KASE, 22.07.25/ – "Эйр Астана" АҚ (KASE тикері – AIRA) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

"Эйр Астана" акционерлiк қоғамы ("Компания" және оның еншілес кәсіпорны FlyArystan-мен бірге "Топ"), табыс пен әуе паркі көлемі бойынша Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы ең ірі әуе компаниялар тобы, 2025 жылғы 15 қыркүйек, дүйсенбі күні, сағат 09:00 BST-де (Британ жазғы уақыты) Лондон қор биржасында инвесторлар мен талдаушыларға арналған Capital Markets Day іс-шарасын өткізеді.

Іс-шараны Бас атқарушы директор Питер Фостер жүргізеді. Сонымен қатар, Топтың аға басшылығы мен операциялық менеджменті бірқатар таныстырылымдар өткізеді. Кездесу аясында Топтың өсу стратегиясы, нарықтағы орны, IPO-дан кейінгі кезеңдегі операциялық және қаржылық нәтижелері жан-жақты таныстырылады.

Іс-шара бағдарламасы кейінірек хабарланады.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

[2025-07-22]