22 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасында екі атаудағы жай акциялармен сауда-саттық тоқтатылды
/KASE, 22.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 22 шілдесінен бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша келесі жай акциялармен сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды:
1) US1912161007 (сектор "KASE Global", KO_KZ) The Coca-Cola Company (США), есеп айырысу күні 2025 жылдың 15 қыркүйегіне және одан кейінгі күндерге сәйкес келеді, сауда-саттық 2025 жылдың 17 қыркүйегінен бастап қайта басталады;
2) US8552441094 (сектор "KASE Global", SBUX_KZ) Starbucks Corporation (США), есеп айырысу күні 2025 жылдың 15 тамызына және одан кейінгі күндерге сәйкес келеді, сауда-саттық 2025 жылдың 18 тамызынан бастап қайта басталады.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
[2025-07-22]