KZ
27 шілде 2025, 05:44
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
22.07.2025 09:42 #Қаржы құралдары

22 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасында "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ KZ2C00014520 (BTRKb27) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

/KASE, 22.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 22 шілдесінен бастап "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ KZ2C00014520 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKb27; 1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 21.07.25-26.07.26; жартыжылдық купон, жылдық 17,70%; actual/365) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-07-22]