KZ
26 шілде 2025, 21:23
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
21.07.2025 18:10 #Сауда-саттық ақпараты

21 шілде күні Қазақстан қор биржасында "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ KZ2C00014520 (BTRKb27) облигацияларын жылдық 17,70 %-бен орналастыра отырып, 52,0 млрд теңге тартты

/KASE, 21.07.25/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ KZ2C00014520 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар"санаты, BTRKb27; 1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 21.07.25 – 26.07.26; actual/365) облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті. Төменде сұраным параметрлері және мамандандырылған сауда-саттық нәтижелері келтірілген.

-----------------------------------------------------------------------
СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:                                                  
----------------------------------------------------- -----------------
Қатысушылар саны:                                     11               
Берілген өтінімдер саны (барлығы / белсенді):         121 / 110        
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге:                105 550,6        
Ұсынымға сұраным:                                     105,6 %          
Берілген өтінімдер бойынша купонның орташа сараланған 17,6913 / 17,9929
мөлшерлемесі, жылдық % (барлығы / белсенді):                           
-----------------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер-өтінімдерді беру кезеңі аяқталған сәтте           
  сауда-саттыққа қатысушылар жоймаған, оның ішінде,                    
  Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.                      

Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде банктердің үлесіне – 40,7 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне – 0,1 %-дан азы, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 39,8 %, өзге заңды тұлғалардың үлесіне – 19,4 %, жеке тұлғаларға – 0,1 %-дан азы тиесілі болды.

ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

----------------------------------------------------- ----------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, облигациялар: 52 049 017      
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, теңге:        52 049 017 000,0
Қанағаттандырылған өтінімдер саны:                    72              
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны:       7               
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, жоспардан %:     52,0            
Қанағаттандырылған өтінімдердегі купон мөлшерлемесі,  17,7000         
жылдық %:                                                             
----------------------------------------------------------------------

Инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде орналастыру кезінде жалпы көлемнің 40,3 % – банктер, 0,1 %-дан азын брокерлік-дилерлік ұйымдар, 58,6 % – басқа институционалдық инвесторлар, 1,0 % – өзге заңды тұлғалар, 0,1 % – жеке тұлғалар сатып алды.

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес сауда-саттық нәтижелері бойынша есеп айырысу аяқталған сәтте осы орналастыру бойынша мәмілел толық орындалды.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:

----------------------------------------- ----------------------------------
Сауда-саттық күні:                        21.07.25                          
Орналастырудың жарияланған көлемі,        100 000 000 000                   
теңге:                                                                      
Лот мөлшері, дана.:                       1                                 
Сауда-саттық заты:                        купон мөлшерлемесі                
Сатып алуға өтінім түрі:                  шектелімді                        
Өтінім беру тәсілі:                       закрытый                          
Өтінімдерді қабылдау уақыты:              10:00–12:00                       
Өтінімдерді растау уақыты:                10:00–12:30                       
Кесімдеу уақыты:                          13:00 (Т+0)                       
Төлем күні мен уақыты:                    21.07.25, 13:00                   
Өтінімдерді кесімдеу әдісі:               бағалары кесімдеу бағасына тең    
                                          немесе одан жоғары өтінімдер      
                                          кесімделеді                       
Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді    бірыңғай кесімдеу бағасы          
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:        бойынша                           
Шектелімді өтінімдерді беру кезектілігіне қарсылама өтінімдерді қабылдау    
қарай қанағаттандыру тәсілі:              уақыты бойынша                    
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:     "First Heartland Jusan Invest" АҚ,
                                          "Қазақстан Халық Банкі" еншілес   
                                          ұйымы – "Halyk Finance" АҚ        
----------------------------------------------------------------------------

"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ бірлескен қаржылық кеңесшілер мен андеррайтерлер "First Heartland Jusan Invest" АҚ, "Қазақстан Халық Банкі" еншілес ұйымы – "Halyk Finance" АҚ болып табылады.

[2025-07-21]