KZ
27 шілде 2025, 12:10
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
21.07.2025 12:21 #Қаржы құралдары

21 шілдеден бастап "CAPITAL Leasing Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС KZ2P00014780 (CLSGb7) облигациялары баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 21.07.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2025 жылдың 17 шілдесінде "CAPITAL Leasing Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС KZ2P00014780 (CLSGb7; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 180 күн; купон айналым мерзімінің соңында бір рет, жылдық 21,00%; 30/360) "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Басқарманың бұл шешімі 2025 жылдың 21 шілдесінен бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-07-21]