02 қыркүйекте "KMF (ҚМФ)" Микроқаржы ұйымы" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама
/KASE, 18.07.25/ – "KMF (ҚМФ)" Микроқаржы ұйымы" АҚ (KASE тикері – MFKM) 2025 жылдың 02 қыркүйегінде акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлайды.
Жиналыстың күн тәртібі:
1) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;
2) 2025 жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша бюджеттің атқарылуы туралы есепті қарау;
3) қоғамның корпоративтік басқару кодексін бекіту;
4) қоғамның Директорлар кеңесі туралы қағиданы бекіту;
5) 2027 жылға дейінгі Бизнес-жоспардың 2025 жылға арналған түзетілген бюджетін бекіту;
6) 2025 жылдан 2027 жылға дейінгі түзетілген стратегияны бекіту;
7) акцияларды сатып алу кезінде олардың құнын анықтау әдістемесін және "КMF Банк" АҚ акцияларын сатып алу тәртібін бекіту;
8) "КMF Банк" АҚ Корпоративтік басқару кодексін бекіту;
9) "КMF Банк" АҚ Жарғысына енгізілген өзгертулерді бекіту;
10) "КMF Банк" АҚ акционерлерінің жалпы жиналысы туралы қағиданы бекіту;
11) "КMF Банк" АҚ Директорлар кеңесі туралы қағиданы бекіту.
Жиналысты өткізу туралы ақпарат – толығырақ
[2025-07-18]