"ForteBank" АҚ Moody's Ratings агенттігі банктің рейтингтік бағаларын растағаны туралы хабарлады, болжам "Позитивті"
/KASE, 18.07.25/ – "ForteBank" АҚ (KASE тикері – ASBN) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
Moody’s Ratings халықаралық рейтинг агенттігі ForteBank-тің ұлттық және шетел валюталарындағы депозиттері бойынша ұзақ мерзімді рейтингтерін Ba2 деңгейінде, "Позитивті" болжаммен растады. Сонымен қатар, контрагент рейтингтері, қамтамасыз етілмеген сыртқы қарыз бойынша рейтингі, сондай-ақ кредиттік қабілеттіліктің базалық бағасы (BCA) ba3 деңгейінде расталды.
Moody’s агенттігінің есебіне сәйкес, рейтингтердің расталуы Банктің тұрақты қаржылық жағдайын көрсетеді. Атап айтқанда, бұл - тұрақты капиталдандыруды, жоғары өтімділік және табыстылық деңгейін қамтиды. Сонымен қатар, агенттік ForteBank-тің "Home Credit Bank" АҚ-ның (Қазақстан) 100% үлесін сатып алуы жөніндегі жарияланған мәмілені жүзеге асыруға байланысты тәуекелдерді тиімді басқару қабілетін оң бағалап отыр. Мәміленің нүктесі 2025 жылдың соңына дейін қойылады деп күтілуде. Бұл Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мақұлдауына байланысты болады. Қаржыландыру банктің меншікті қаражаттары есебінен жүзеге асырылады. Банктің қаржы секторын шоғырландыру жағдайындағы жүйелік маңыздылығының артуы қосымша фактор ретінде атап өтілуде.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі толық нұсқасы орналастырылды – толығырақ
[2025-07-18]