KZ
19 шілде 2025, 09:43
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
18.07.2025 15:10 #Қаржы құралдары

21 шілдеден бастап "Береке" МҚҰ" АҚ KZ2C00014223 (MFBRb2) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатын болады

/KASE, 18.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 21 шілдесінен бастап "Береке" МҚҰ" АҚ KZ2C00014223 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFBRb2; 1 000 теңге, 1,5 млрд теңге; 15.07.25 – 15.01.27; тоқсандық купон, жылдық 21,50 %; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне аударылатынын хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.

[2025-07-18]