18 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасында АҚШ Қаржы министрлігінің халықаралық облигацияларының екі шығарылымымен сауда саттық тоқтатылады
/KASE, 17.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 18 шілдесінден бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша АҚШ Қаржы министрлігінің келесі халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды:
1) US91282CKB62 ("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, US149_2602), есеп айырысу күні 2025 жылдың 30 тамызына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін сауда-саттық 2025 жылдың 02 қыркүйегінен бастап қайта басталады;
2) US91282CJV46 ("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, US150_2601), есеп айырысу күні 2025 жылғы 30 шілдесіне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін сауда-саттық 2025 жылғы 01 тамызынан бастап қайта басталады.
Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген облигациялар бойынша купондық сыйақы төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
[2025-07-17]