KZ
19 шілде 2025, 11:27
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
17.07.2025 10:03 #Корпоративтік уақиғалар

06 тамызда "Эйр Астана" АҚ эмитент күнін өткізеді

/KASE, 17.07.25/ – "Эйр Астана" АҚ (KASE тикері – AIRA) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

Air Astana сіздерді 2025 жылғы 6 тамыз күні Астана қаласында орналасқан Astana International Exchange (AIX) алаңында өтетін Эмитент күніне шақырады.

Іс-шара барысында 2025 жылдың 30 маусымында аяқталған екінші тоқсан мен алты айдың қаржылық нәтижелерімен қатар Air Astana компаниялар тобының негізгі жетістіктері, жоспарлары мен даму стратегиясы таныстырылады.

Презентацияны Air Astana-ның Бас атқарушы директоры Питер Фостер және Қаржы жөніндегі атқарушы директор Ибрахим Жанлыел өткізеді. Сіздерге Топтың басшылығына тікелей сұрақ қойып, даму жоспарлары жайлы ашық әңгімелесуге мүмкіндік беріледі.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

[2025-07-17]