17 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасында АҚШ Қаржы министрлігінің халықаралық облигацияларының екі шығарылымымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады
/KASE, 16.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 17 шілдесінен бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша АҚШ Қаржы министрлігінің келесі халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатыла туратынын хабарлайды:
1) US91282CHV63 ("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, US133_2508), есеп айырысу күні 2025 жылдың 30 тамызына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін сауда-саттық 2025 жылдың 02 қыркүйегінен бастап қайта басталады;
2) US91282CJB81 ("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, US134_2509), есеп айырысу күні 2025 жылдың 29 қыркүйегіне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін сауда-саттық 2025 жылдың 01 қазанынан бастап қайта басталады.
Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген облигациялар бойынша купондық сыйақы төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
[2025-07-16]