16 шілде күні Қазақстан қор биржасында екі облыстың әкімдіктері 1,3 млрд теңге тартты
/KASE, 16.07.25/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде жергілікті атқарушы органдар облигацияларының екі шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті.
Мамандандырылған сауда-саттық нәтижелері бойынша келесі облигациялар орналастырылды:
1) Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002228 ("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, ZKK024_222; 1 000 теңге, 2 759 318 000 теңге; 16.07.25 – 16.07.27; жарты жылдық купон, жылдық 0,35%; 30/360) 707,4 млн теңгеге;
2) Ұлытау облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002236 ("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, UTK024_223; 1 000 теңге, 600 000 000 теңге; 16.07.25 – 16.07.27; жарты жылдық купон, жылдық 0,35%; 30/360) 600,0 млн теңгеге.
Аталған облигациялар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілеріндегі тұрғын үйді және/немесе пәтерлерді сатып алуды, кері сатып алуды қаржыландыру мақсатында шығарылған.
[2025-07-16]