2025 жылдың қаңтар-маусым айларында KASE-де шетел валютасымен жасалған сауда-саттық көлемі 20,8 трлн теңгені құрады
/KASE, 16.07.25/ – 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстан қор биржасының (KASE) шетел валюталарының спот-нарығындағы сауда- саттық көлемі 20 762,7 млрд теңгені құрады және 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 32,3 %-ға өсті.
2024 жылдың алты айлық (шілде-желтоқсан) кезеңімен салыстырғанда сауда-саттық көлемі 7,0 %-ға төмендеді.
Төменде 2025 жылғы KASE шетел валюталарының спот-нарығы көрсеткіштерінің кестесі валюта жұптары бойынша бөлінген (валюта жұптарында көрсетілген біріншісінің млн бірлігіне), сондай-ақ 2024 жылғы салыстырмалы деректер келтірілген.
--------------------------------------------------------------------- ---------- Сауда-саттық көлемі Жыл, ---------------------------------------------------------- Барлығы, ай USD/KZT EUR/KZT RUB/KZT EUR/USD CNY/KZT USD/CNY EUR/CNY млрд KZT ---------- -------- ------- --------- ------- ------- ------- ------- ---------- 2025, I 4 751,5 93,7 119 147,0 85,0 711,5 162,9 0,0 3 345,0 2025, II 5 058,4 166,4 123 582,0 83,3 715,2 202,4 0,0 3 513,2 2025, III 4 343,1 65,4 99 199,3 107,3 723,8 159,4 0,0 2 965,9 2025, IV 5 765,0 152,0 96 537,8 120,0 753,3 51,6 0,0 3 802,7 2025, V 4 992,1 98,1 113 801,1 81,8 761,1 156,2 0,0 3 518,6 2025, VI 5 115,6 108,0 79 347,2 94,3 1 390,5 468,8 0,0 3 617,3 ---------- -------- ------- --------- ------- ------- ------- ------- ---------- Барлығы 30 025,8 683,6 631 614,5 571,7 5 055,4 1 201,3 0,0 20 762,7 ---------- -------- ------- --------- ------- ------- ------- ------- ---------- 2024, I-VІ 26 779,1 252,3 231 453,1 673,4 2 455,6 3 858,8 8,2 15 691,1 тренд, % +12,1 +170,9 +172,9 -15,1 +105,9 -68,9 -100,0 +32,3 --------------------------------------------------------------------------------
03.01.2025 және 30.06.2025 аралығындағы кезеңде барлық биржалық мәміле бойынша есептелген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа сараланған бағамы бір АҚШ доллары үшін 511,64 теңгені құрады.
[2025-07-16]