KZ
23 шілде 2025, 01:24
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
16.07.2025 12:38 #Сауда-саттық ақпараты

2025 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстан қор биржасындағы акциялармен сауда-саттық көлемі 163,4 млрд теңге болды

/KASE, 16.07.25/ – 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстан қор биржасында (KASE) акциялармен жасалған сауда-саттық көлемі 163,4 млрд теңгені құрап, 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,8 %-ға өсті.

2024 жылдың алты айлық (шілде-желтоқсан) кезеңімен салыстырғанда сауда-саттық көлемі 13,6 %-ға өсті.

Төмендегі кестеде 2025 жылы биржалық нарықтың көрсетілген секторындағы сауда-саттық көлемі (млрд теңге), сондай-ақ 2024 жылдағы салыстырмалы деректер (қайталама нарық секторында акцияларды орналастыру бойынша мәмілелер жасасуға болады) келтіріледі.

--------------------------------------------
Жыл,        Бастапқы    Қайталама           
ай              нарық      нарық*   Барлығы*
----------- --------- ----------- ----------
2025, I           0,0        18,8       18,8
2025, II          0,0        25,9       25,9
2025, III         0,0        19,4       19,4
2025, IV          0,0        48,2       48,2
2025, V           0,0        23,8       23,9
2025, VI          0,0        27,2       27,2
----------- --------- ----------- ----------
барлығы           0,0       163,3      163,4
----------- --------- ----------- ----------
2024, I- VІ      49,3       105,0      154,4
тренд, %        -99,9       +55,5       +5,8
--------------------------------------------
* репо операциялары нарығындағы мәмілелерді есепке қоспағанда.

[2025-07-16]