15 шілдеден бастап "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ KZ2C00014520 (BTRKb27) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 15.07.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 14 шілдесінде "Бәйтерек "Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ KZ2C00014520 (BTRKb27; 1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 370 күн; жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша айқындалатын болады; actual/365) облигацияларын негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 15 шілдесінен бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы 2025 жылдың 25 сәуірінде 2,0 трлн теңге сомасында тіркелген "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның 10-шы облигациялық бағдарламасы шеңберінде жетінші болып табылады.
"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның қаржылық кеңесшісі "First Heartland Jusan Invest" АҚ болып табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-07-15]