Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
15 шілдеден бастап "Қазхром" Трансұлттық компаниясы" АҚ KZ0009093704 (KZCR) жай және KZ0009089744 (KZCRp) артықшылықты акциялары олардың эмитентінің бастамасы бойынша KASE ресми тізімінен шығарылды
/KASE, 15.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік комиссиясының 2025 жылдың 14 шілдесіндегі шешімімен KASE ресми тізімінен "Қазхром" Трансұлттық компаниясы" АҚ-ның мынадай акциялары алынып тасталды:
- KZ0009093704 жай акциялары (KASE негізгі алаңы,"стандарт" санаты, KZCR);
- KZ0009089744 артықшылықты акциялары (KASE негізгі алаңы,"стандарт" санаты, KZCRp).
Листингтік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 15 шілдесінен бастап күшіне енеді.
Бұл шешім "Қазхром" Трансұлттық компаниясы" АҚ-ның KASE ресми тізімінен көрсетілген акциялардың ерікті делистингі туралы өтініші негізінде қабылданды.
Аталған акциялар 2018 жылдың 25 тамызынан бастап негізгі алаңның "стандарт" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен сауда- саттық ашылған жоқ.
[2025-07-15]