KZ
16 шілде 2025, 06:00
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
15.07.2025 10:50 #Индекстер мен индикаторлар

KASE 2025 ЖЫЛДЫҢ 05 ТАМЫЗЫНАН БАСТАП KASE ИНДЕКСІН ЕСЕПТЕУ ҮШІН ӨКІЛДІК ТІЗІМДІ АНЫҚТАДЫ

/KASE, 15.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Индекстер және индикаторлар жөніндегі комитеттің (бұдан әрі – Комитет) 2025 жылдың 15 шілдесіндегі шешімімен "Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес 2025 жылдың 05 тамызынан бастап KASE индексін есептеу үшін акциялардың өкілдік тізімі анықталғаны туралы хабарлайды (бұдан әрі – тізім).

Көрсетілген шешімге сәйкес 2025 жылдың 05 тамызынан бастап KASE индексін есептеу үшін акциялардың өкілдік тізімі өзгеріссіз қалады.

------------------------------------------------------------------------
  Акцияның                                         ---- --------- ------
# п/п коды         ISIN     Эмитент                 Fi*       Ri* Үлесі*
----- -------- ------------ ---------------------- ---- --------- ------
  1   AIRA     KZ1C00004050 "ЭЙР АСТАНА" АҚ        42,0 1,0000000    5,8
  2   CCBN     KZ0007786572 "Банк ЦентрКредит" АҚ  37,0 1,0000000   12,0
  3   HSBK     KZ000A0LE0S4 "Қазақстан Халық жинақ 30,2 0,2735102   15,3
                            банкі" АҚ                                   
  4   KCEL     KZ1C00000876 "Кселл" АҚ             34,1 1,0000000   12,2
  5   KEGC     KZ1C00000959 "KEGOC"АҚ              14,5 1,0000000    3,1
  6   KMGZ     KZ1C00001122 "ҚазМұнайГаз" ҰАК " АҚ  2,6 1,0000000   14,1
  7   KSPI     KZ1C00001536 "Kaspi.kz" АҚ          31,7 0,0926374   13,7
  8   KZAP     KZ1C00001619 "Қазатомөнеркәсіп"     25,0 0,2264991   17,7
                            ҰАК" АҚ                                     
  9   KZTK     KZ0009093241 "Қазақтелеком" АҚ      19,2 1,0000000    4,4
 10   KZTO     KZ1C00000744 "ҚазТрансОйл" АҚ       10,0 1,0000000    1,7
------------------------------------------------------------------------
* Fi, Ri, үлес параметрлері 2025 жылдың 01 шілдесінде көрсетілген. Комитет 
  шешімі күшіне енгеннен кейін, яғни 2025 жылдың 05 тамызының басындағы 
  Fi, Ri параметрлері, үлесі 2025 жылдың 01 шілдесіндегі акциялардың 
  ағымдағы бағасына және еркін айналымдағы акциялар санына сәйкес қайта 
  есептелетін болады.

КЕСТЕГЕ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР

ISIN – акцияның ұлттық немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі.

Эмитент – акциялар эмитентінің қысқаша атауы.

Ri – шектеу коэффициенті ם әрбір акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін 0,15 (15%) дейін шектейтін параметр әрбір акция үшін тоқсанына бір рет 01 ақпандағы, 01 мамырдағы, 01 тамыздағы,01 қарашадағы жағдай бойынша есептеледі, оны есептеу тәртібі Әдістемемен регламенттеледі.

Fi – 01.04.25 ж. жағдай бойынша еркін айналымдағы акциялар санының, KASE 14.07.25 ж.б. тіркелген соңғы мәміленің бағасының және әрбір атаудағы акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін шектейтін Ri коэффициентінің туындысы ретінде алынған параметр.

Үлесі – KASE Индексін есептеу үшін өкілдік тізімдегі барлық атаулардағы акциялардың жиынтық нарықтық құнындағы қандай да бір атаудағы акциялардың жиынтық нарықтық құнының үлесі. Пайызбен көрсетіледі.

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

[2025-07-15]