14 шілдеден бастап "Asia Bell" ЖШС KZ2P00014293 (ASBLb1) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 14.07.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 10 шілдесінде "Asia Bell" ЖШС (Қарағанды) KZ2P00014293 (ASBLb1; 1 000 теңге, 200,0 млн теңге; 3 жыл; тоқсандық купон, жылдық 20,25%; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 14 шілдесінен бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Көрсетілген облигациялар "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ субсидиялау бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемелері бойынша облигациялар шығарылымы болып табылады. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі жылдық 14,25 %, субсидияланбайтын бөлігі жылдық 6,00 % құрайды.
"Asia Bell" ЖШС қаржылық кеңесшісі "Банк ЦентрКредит"АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ болып табылады.
"Asia Bell" ЖШС қызметінің негізгі түрі – сымды телекоммуникациялық байланыс
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-07-14]