Қазақстан Қаржы министрлігі 08 шілдеде Қазақстан қор биржасында жылдық 16,99% мөлшеріндегі өтеуге дейінгі кірістілікпен KZKD00001301 (MUM096_0015) МЕУКАМ орналастырып, 23,3 млрд теңге тартты
/KASE, 10.07.25/ – Бұрын хабарланғандай, 2025 жылғы 08 шілдеде Қазақстан қор биржасының сауда-саттық жүйесінде (KASE) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің (МЕУКАМ) KZKD00001301 (MUM096_0015) ұзақмерзімді мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті.
"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-тың 2025 жылғы 10 шілдедегі дерегіне сәйкес облигацияларды орналастыру жөніндегі мәмімелер орындалған, қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі 23 255 007 980,7 теңге болды.
KASE-нің "Қазақстан Қаржы министрлігі 08 шілдеде KASE-де жылдық 16,99% мөлшеріндегі өтеуге дейінгі кірістілікпен 25,6 млн МЕУКАМ KZKD00001301 (MUM096_0015) орналастырды" деген жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ
[2025-07-10]