KZ
12 шілде 2025, 10:29
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
10.07.2025 14:52 #Қаржы құралдары

11 шілдеден бастап KASE-де "Home Credit Bank" АҚ-тың KZ2C00014124 (HCBNb19) облигацияларымен сауда-саттық ашылды

/KASE, 10.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 11 шілдеден бастап "Home Credit Bank" АҚ-тың (Алматы) KZ2C00014124 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар” санаты, HCBNb19; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 04.07.25 – 04.07.27; жартыжылдық купон, жылдық 19,25%; 30/360) облигацияларымен сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.

Көрсетілген облигациялардың KASE сауда-саттық жүйесінде бағасын белгілеу дәлдігі номиналынан пайызбен есептелген облигацияның “таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – Қазақстан теңгесі.

Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

[2024-07-10]