KZ
12 шілде 2025, 09:48
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
10.07.2025 14:41 #Қаржы құралдары

11 шілдеден бастап KASE-де бес атаудағы ETF-пен сауда-саттық уақытша тоқтатылады

/KASE, 10.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 11 шілдеден бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдерінде жүргізілетін репо операциялары бойынша келесі ETF-пен сауда-саттық уақытша тоқтатылатынын хабарлайды, олар бойынша есеп айырысу 2025 жылғы 01 тамызда және одан кейінгі күндері жүргізіледі:

1) US4642872422 ("KASE Global" секторы, LQD_KZ) iShares iBoxx $ Investment Grade Corporate Bond ETF;

2) US4642885135 ("KASE Global" секторы, HYG_KZ) iShares iBoxx $ High Yield Corporate Bond ETF;

3) US4642895118 ("KASE Global" секторы, IGLB_KZ) iShares 10+ Year Investment Grade Corporate Bond ETF;

4) US78468R6633 ("KASE Global" секторы, BIL_KZ) SPDR Bloomberg Barclays 1-3 Month T-Bill ETF;

5) US74347G4405 ("KASE Global" секторы, BITO_KZ) ProShares Bitcoin Strategy ETF.

Сауда-саттық KASE-де 2025 жылғы 01 тамызда көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивиденд төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес уақытша тоқтатылды.

KASE-де көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттық 2025 жылғы 04 тамыздан бастап қайта басталады.

[2025-07-10]