Бүгін KASE-де “Қазақстан даму банкі” АҚ-тың KZ2C00012813 (BRKZb41) облигацияларына жазылу жүргізіледі
/KASE, 10.07.25/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін KASE-нің сауда- саттық жүйесінде "Қазақстан даму банкі" АҚ-тың (Алматы) KZ2C00012813 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BRKZb41) облигацияларына төменде көрсетілген талаптармен жазылу арқылы оларды бастапқы орналастыру (Астана уақытымен) жүргізілетінін хабарлайды.
Осы облигацияларға жазылу кезінде KASE-де сатушы Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болды (бұдан әрі – Сатушы).
---------------------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаз түрі: купондық облигациялар
ISIN: KZ2C00012813
KASE сауда-саттық коды: BRKZb41
Номиналды құны, теңге: 1 000,00
Шығарылым көлемі, теңге:
- тіркелген: 50 000 000 000
- орналастырылған (номиналы бойынша): 25 000 000 000
Айналыс басталған күн: 26.12.24
Айналыста болатын соңғы күн: 25.11.33
Өтеу басталатын күн: 26.11.33
Айналыс мерзімі: 8 жыл 11 ай
Купондық мөлшерлеме: жылдық 6,00%
Купон төленетін кезең: айналыста болатын алғашқы жылы – жылына 1 рет,
одан кейін – жылына 2 рет
Купон төлеу басталатын күн: жыл сайын 26 маусым және 26 желтоқсан
Уақыттық базасы: 30 / 360
--------------------------------------- -----------------------------------------------
Жазылу жүргізілетін күн: 10.07.25
Орналастырудың номиналды көлемі, теңге: 2 700 000 000
Сатып алуға берілген өтінім түрі: шектелімді
Өтінім қабылдау уақыты: 10:00–12:00
Өтінімнің ең аз көлемі, теңге 1 000
Мәміле жасалған күн мен уақыт: 10.07.25, 16:00
Есеп айырысу жүргізілген күн мен уақыт: 10.07.25, 16:00
---------------------------------------------------------------------------------------
Осы жазылым шарттарына сәйкес аталған облигацияларды Сатушының назарына ашып көрсетілетін инвестор туралы қосымша ақпараттың тізіміне төмендегі ақпарат кіреді:
1) жеке адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы;
2) Жеке адамның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН.
Жазылуға қатысуға өтінімдер тек KASE-нің "қор" санатындағы мүшелері арқылы беріледі. KASE-нің санаттар бойынша бөліп көрсетілген мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ
Есеп айырысуды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүргізеді.
Бағалы қағаздарға жазылу жүргізу ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ
Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2025-07-10]