Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
10 шілдеде KASE-де "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ-тың KZ2C00012136 (KFUSb86) облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 09.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 10 шілдеден бастап "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ-тың KZ2C00012136 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, KFUSb86; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 03.07.25 – 03.07.26; жылдық купон, жылдық 12,50%; 30/360) облигацияларымен сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.
Көрсетілген облигациялардың KASE сауда-саттық жүйесінде бағасын белгілеу дәлдігі номиналынан пайызбен есептелген облигацияның “таза” бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – Қазақстан теңгесі.
Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.