KASE "Биржа симуляторы" оқу конкурсының қатысушыларын марапаттау рәсімін өткізді
/KASE, 08.07.25/ – 2025 жылғы 8 шілдеде Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 1 сәуір мен 30 мамыр аралығында өткен "Биржа симуляторы" оқу конкурсының қатысушыларын онлайн марапаттау рәсімі өтті.
Конкурс қорытындысы бойынша 246 белсенді қатысушының арасынан келесі жеңімпаздар анықталды:
1) Алистратенко Денис Николаевич;
2) Акулинин Кирилл Сергеевич;
3) Радченко Дмитрий Александрович;
4) Шоклева Людмила Александровна;
5) Садыков Тимур Наурызбаевич;
6) Оспанов Сабыр Талапбекович;
7) Роев Илья Дмитриевич;
8) Аманшин Асхат Ельтаевич;
9) Круч Арина Сергеевна;
10) Фаткулин Руслан Камилевич.
2025 жылы "Фридом Финанс" АҚ конкурстың серіктесі болып, мәмілелер бойынша ең жоғары табыстылық көрсеткен алғашқы үш жеңімпаз үшін бағалы сыйлықтар берді.
Төменде 2025 жылғы 1 сәуірден 30 мамырға дейінгі кезеңде құралдар бойынша жасалған барлық мәміле туралы ақпарат берілген:
------------------------ Сауда Саны Көлемі, коды Мәміле млн KZT ------- ------ --------- HSBK 5 768 216 258,3 KZTK 2 761 195 683,0 CCBN 3 309 117 614,6 KZAP 1 622 93 958,9 KSPI 1 701 60 255,0 KMGZ 1 556 31 084,3 FHJIds 768 26 168,3 KZTO 766 24 390,8 KCEL 1 022 20 592,5 ASBN 1 169 17 681,1 BAST 1 081 14 231,4 AIRA 779 3 995,5 KEGC 346 1 395,9 IE_FXBF 177 402,0 KMGD 261 328,7 ------- ------ --------- Барлығы 23 086 824 040,4 ------------------------
Оқыту сауда-саттықтарының қорытындысы бойынша мәмілелердің жалпы көлемі 824,0 млрд теңгеге жетіп, 23 086 мәміле жасалды. Бір қатысушыға шаққандағы мәмілелердің максималды көлемі 199 253 миллион теңге, бір қатысушыға шаққандағы мәмілелердің максималды саны 2 412 болды.
Конкурсқа қатысу үшін 7 714 адам тіркелді.
Анықтама үшін:
Жобаның мақсаты – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және қор нарығында жұмыс істеу дағдыларын іс жүзінде үйрену. Қатысушылардың негізгі міндеті – үздік портфель қалыптастыру, соған қарап конкурс жеңімпаздары анықталды.
Бұл конкурсты KASE компаниялар тобы 2008 жылдан бері өткізіп келеді, ал жоба биыл 17-ші рет өткізілді. Жұртшылықтың конкурсқа деген қызығушылығы артып келеді, жобаның бүкіл тарихында оған 7,5 мыңнан астам адам қатысты.
[2025-07-08]