KZ
8 шілде 2025, 21:45
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
08.07.2025 14:35 #Корпоративтік уақиғалар

"Halyk Finance" АҚ "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-тың ұлттық валютада және АҚШ долларында деноминацияланған еурооблигацияларын сәтті орналастырғаны туралы хабарлады

/KASE, 08.07.25/ – "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance"" АҚ (KASE коды – HFIN, "Halyk Finance" АҚ тақырыбында) келесіні хабарлады:

цитатаның басы

Halyk Finance ортамерзімді ноталарды шығару бағдарламасы аясында "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (бұдан әрі – ҚДБ) еурооблигациялардың екі шығарылымын орналастырғанын хабарлайды:

  • АҚШ долларында деноминацияланған 5 жылдық еурооблигациялардың қосымша шығарылымы (өтеу мерзімі 2030 жылғы 7 сәуір), $200 млн;
  • теңгеде деноминацияланған 3 жылдық еурооблигациялар шығарылымы, 55 млрд теңге.

Halyk Finance ҚДБ еурооблигацияларын шығару және орналастыру мәмілелері бойынша бірлескен жетекші менеджер және букреннер қызметін атқарды.

ҚДБ еурооблигацияларын сатып алуға өтінімдерді жинау 2025 жылғы 26 маусымда өтті. Қазақстан Республикасының аумағында өтінімдерді жинау "Қазақстан қор биржасы" АҚ-қа (бұдан әрі – KASE) жазылу арқылы жүзеге асырылды.

ҚДБ еурооблигацияларын сатып алуға өтінімдерді жинау қорытындысы бойынша KASE жазылымына қатысқан инвесторлардың өтінімдері ұлттық валютадағы эмиссияға 17,4 млрд теңге және шетел валютасындағы эмиссияға 50,3 млн АҚШ доллары сомасында қанағаттандырылды. KASE-де сатып алынған еурооблигациялардың ҚДБ орналастырған жалпы көлемдегі үлесі теңгедегі еурооблигациялар бойынша 32% және АҚШ долларындағы еурооблигациялар бойынша 25%.

ҚДБ теңгеде деноминацияланған еурооблигацияларды жылдық 17,3% өтеуге кірістілігімен, сондай-ақ АҚШ долларында деноминацияланған еурооблигацияларды жылдық 5,562% өтеуге кірістілігімен орналастырды. Мәмілелер бойынша есеп айырысу 2025 жылғы 3 шілдеде жүргізілді.

Цитатаның соңы

Осы ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ

[2025-07-08]