Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Қазақстан Даму Банкі" АҚ өзінің еурооблигацияларының екі шығарылымының Вена қор биржасындағы сауда-саттыққа жіберілгені туралы хабарлады
/KASE, 08.07.25/ – "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (KASE тикері – BRKZ) төмендегіні хабарлады:
цитатаның басы
2025 жылғы 3 шілдеде Вена қор биржасы төмендегілердің Вена МТФ сауда- саттығына қатысуға рұқсат бергенін растады:
- 2030 жылы өтеу мерзімімен жылдық 5,625% сыйақы мөлшерлемесімен 200 000 000 АҚШ доллары сомасына Қоғамның қосымша еурооблигациялары, олар 5 000 000 000 АҚШ доллары сомасына ҚДБ ортамерзімді облигацияларын шығару бағдарламасына сәйкес 17- серия ретінде шығарылған 2030 жылы өтеу мерзімімен 5,625% сыйақы мөлшерлемесімен 500 000 000 АҚШ доллары сомасына қолда бар облигациялармен бірыңғай серияға біріктіріледі; және
- Қоғамның 5 000 000 000 АҚШ доллары сомасындағы ҚДБ ортамерзімді облигацияларын шығару бағдарламасына сәйкес 18 серия ретінде шығарылған, 2028 жылы өтеу мерзімімен жылдық 17,300% сыйақы мөлшерлемесімен 55 000 000 000 теңге сомасындағы еурооблигациялары.
Цитатаның соңы
Осы ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ
[2025-07-08]