08 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасында 2025 жылғы тамызда және 2026 жылғы маусымда орындалатын фьючерстермен сауда-саттық ашылады
/KASE, 08.07.25/ – 08 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасында төмендегі жеткізілімсіз фьючерстермен сауда-саттық ашылады:
1) "Қазақстан Халық Банкі" АҚ жай акциялары, коды – HSBK-6.26, айналыста болатын соңғы күн – 2026 жылғы 18 маусым;
2) "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ жай акциялары, коды – KZAP-6.26, айналыста болатын соңғы күн – 2026 жылғы 18 маусым;
3) KASE индексіне, коды – KX-6.26, айналыста болатын соңғы күн – 2026 жылғы 18 маусым;
4) АҚШ долларының теңгеге бағамы, коды – US-6.26, айналыста болатын соңғы күн – 2026 жылғы 18 маусым;
5) Ресей рублінің теңгеге бағамы, коды – RU-8.25, айналыста болатын соңғы күн – 2025 жылғы 21 тамыз;
6) Ресей рублінің теңгеге бағамы, коды – RU-6.26, айналыста болатын соңғы күн – 2026 жылғы 18 маусым.
KASE қазіргі уақытта туынды қаржы құралдарымен сауда-саттық KASE-де жұмыс күндері Астана қаласы уақытымен 10:00-ден 17:30-ға дейін, осы сауда-саттық бойынша клирингілік сессия Астана қаласы уақытымен 20:30-дан 21:00-ге дейін жүргізілетінін еске салады.
Туынды қаржы құралдарымен биржалық сауда-саттыққа тізімі KASE интернет-ресурсында толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған KASE деривативтер нарығының клирингілік қатысушылары қатыса алады.
KASE-дегі фьючерстермен сауда-саттық нәтижелері мына сілтеме бойынша жарияланады: толығырақ
KASE деривативтер нарығының жұмыс істеу тәртібін реттейтін ішкі құжаттар толығырақ сілтемесі бойынша жарияланды ("Сауда-саттық" – "Деривативтер" қойындысы).
[2025-07-08]