KZ
6 шілде 2025, 02:04
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
04.07.2025 14:52 #Сауда-саттық ақпараты

2025 жылғы маусым айындағы KASE акциялар нарығына жасалған шолу

/KASE, 04.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы маусымның қорытындысы бойынша акция нарығына жасалған қысқаша шолуды ұсынады.

2025 жылғы маусымның соңында KASE-нің сауда-саттық тізімінде 80 эмитенттің 95 атаудағы акциялары болған, оның ішінде екі эмитенттің екі атаудағы акциялары "Листингілік емес бағалы қағаздар" секторында айналымға жіберілген.

2025 жылдың қорытындысы бойынша акция нарығының капитализациясы 34,0 трлн теңгені (65,3$ млрд) болды, бұл өткен айдағы көрсеткіштен 3,0 трлн теңгеге немесе 9,5% жоғары.

---------------------------------------------------------
                        30 маусым  30 мамыр       Δ, Δ, %
----------------------- --------- --------- -------- ----
Капитализация, млрд KZT 33 989,47 31 027,57 +2 961,9 +9,5
Капитализация, млн USD  65 315,37 60 926,79 +4 388,6 +7,2
---------------------------------------------------------

Маусымда акциялармен жасалған сауда-саттық көлемі 27,2 млрд теңге болып, мамырға қарағанда 13,8% немесе 3,3 млрд теңгеге ұлғайды. 1 күнде жасалған сауда-саттықтың орташа көлемі – 1,4 млрд теңге, мәмілелердің орташа күндік саны – 10 692, бір мәміленің орташа көлемі – 127,0 мың теңге. Маусымда акциямен сауда-саттық тек қайталама нарықта жасалды.

Қайталама нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттары ішінде жеке адамдардың белсенділігі жоғары болды, олардың үлесіне акциялармен жасалған мәмілелердің жиынтық көлемінің 68,1%, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне 11,7%, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне 1,5%, басқа заңды тұлғалардың үлесіне 31,4% тиді. Бейрезиденттердің үлесі – 12,2%.

Маусымда KASE Индексінің мәні 8,2% өсіп, айдың соңында 6 018,56 тармақты құрады.

Индекстік акциялармен жасалған мәміле көлемі 2025 жылғы маусымда 19,2 млрд теңге болды, бұл 2025 жылғы мамырдағы көрсеткіштен 875,8 млн теңгеге көп. Сауда-саттықтың ең көп көлемі "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ-тың жай акцияларына қатысты болды – 3,4 млрд теңге (индекстік акциялармен жасалған сауда-саттықтың жалпы көлемінің 17,8%).

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
                                                    Соңғы мәміленің бағасы,   Сауда-саттық көлемі*, Капитализация, 
                                                           акция үшін теңге               млн теңге      млрд теңге
         Free   Индекстегі үлесі, ----------------------------------------- ----------------------- ---------------
         float,                            01.01.25 бастап                                        
              %                %* 30 маусым  30 мамыр  Δ, %            Δ, %   маусым    мамыр  Δ, %       30.06. 25
-------- ------ ----------------- --------- --------- ----- --------------- -------- -------- ----- ---------------
  KZAP     25,0              17,8 22 599,00 19 138,00 +18,1           +12,0  1 792,2  1 226,5 +46,1         5 856,5
  KZTK     19,2               4,4 40 500,01 34 900,00 +16,0            -7,5  2 624,4  6 256,5 -58,1           447,2
  KMGZ      2,6              14,1 16 616,00 14 850,00 +11,9           +13,6  3 423,2    756,9  x4,5        10 114,7
  CCBN     37,0              11,9  3 400,07  3 072,30 +10,7           +55,5  1 860,3  1 151,5 +61,6           603,6
  HSBK     30,2              15,2    316,00    295,87  +6,8           +23,2  3 014,0  3 666,7 -17,8         3 411,7
  KSPI     31,7              13,7 45 750,00 44 150,00  +3,6           -16,1    714,1  1 033,6 -30,9         8 696,8
  KEGC     14,5               3,1  1 449,99  1 435,60  +1,0            -5,0  2 028,5  1 175,7 +72,5           399,7
  KZTO     10,0               1,7    807,48    799,99  +0,9            -1,5  1 385,2  1 130,1 +22,6           309,7
  KCEL     34,1              12,2  3 333,99  3 313,98  +0,6            -2,9    990,2  1 133,6 -12,7           665,6
  AIRA     42,0               5,9    732,20    751,95  -2,6           -10,7  1 394,6    819,6 +70,2           261,7
  KASE        –                 –  6 018,56  5 561,46  +8,2            +7,9 19 226,5 18 350,8  +4,8        30 767,3
индексі                                                                                                            
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
* ірі мәмілелерді және тұрақты емес сипаттағы мәмілелерді есепке 
алмағанда.

[2025-07-04]