Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ-тың KZ2C00010544 (KFUSb65) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
/KASE, 04.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 04 шілдеден бастап "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ-тың (Алматы) KZ2C00010544 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар” санаты, KFUSb65; 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 04.07.24 – 04.07.25; жылдық купон, жылдық 12,50%; 30/360) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды.
Көрсетілген облигациялар негізгі алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне 2023 жылғы 08 желтоқсаннан бастап қосылған. Олар бойынша сауда-саттық 2024 жылғы 11 шілдеден бастап ашылған.
[2025-07-04]