KZ
4 шілде 2025, 14:35
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
03.07.2025 19:12 #Сауда-саттық ақпараты

"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ KASE- де жазылу арқылы 26 маусымда XS3108524227 (BRKZe20) үшжылдық халықаралық облигацияларын 17,30 % өтеуге кірістілікпен орналастырып, жазылу арқылы 17,4 млрд теңге тартты

/KASE, 03.07.25/ - Бұрын хабарланғандай, 2025 жылғы 26 маусымда Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда жүйесінде жазылу арқылы "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-тың (Астана қ.) XS3108524227 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BRKZe20) облигацияларын бастапқы орналастыру жүргізілді. Төменде сұраным параметрлері мен KASE-де жазылу нәтижесі көрсетілген.

Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ аталған облигацияларға жазылу кезінде KASE-де бірлескен букреннер болды.

-------------------------------------------------------------------
СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:                                              
------------------------------------------------- -----------------
Қатысушы саны:                                    2                
Берілген өтінім саны (барлығы/белсенді):          3 / 2            
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге:            21 000,0         
Берілген өтінімдер бойынша кірістілік, жылдық % (барлығы/белсенді):
– минималды                                       17,0000          
– максималды                                      17,3000          
– орташа сараланған                               17,2857          
-------------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер – өтінім беру кезеңі аяқталған сәтте          
  сауда-саттыққа қатысушылар күшін жоймаған, оған                    
  қоса Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.               

Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің 4,8% банктердің үлесіне, 95,2% басқа заңды тұлғалардың үлесіне тиеді.

ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕСІ:

------------------------------------------------------- ----------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, облигация саны: 17 413 000 000  
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, теңге:          17 408 634 154,5
Қанағаттандырылған өтінімдердің саны:                   2               
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны:         2               
Сатып алушы үшін облигациялардың өтеуге кірістілігі,    17,3000         
жылдық %                                                                
------------------------------------------------------------------------

Орналастырған кезде инвесторлардың негізгі санаттары ішінде облигациялардың жалпы көлемінің 5,7 %-ын банк, 94,3 %-ын басқа заңды тұлғалар сатып алған.

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-тың (Алматы) дерегіне сәйкес осы ақпаратты орналастырған сәтте KASE-де көрсетілген облигацияларға жазылу нәтижесі бойынша мәмілелер бойынша есеп айырысу жүргізілген, жазылу аяқталды.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:

--------------------------------- -----------
Жазылу жүргізілетін күн:          26.06.25   
Сатып алуға берілген өтінім түрі: шектелімді 
Өтінім қабылдау уақыты:           14:00–19:15
Мәміле жасалған күн:              03.07.25   
Есеп айырысу жүргізілген күн:     03.07.25   
---------------------------------------------

[2025-07-03]