Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
04 шілдеден бастап KASE-де "Береке" МҚҰ" АҚ-тың KZ2C00014223 (MFBRb2) және KZ2C00014231 (MFBRb3) облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 03.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 4 шілдеден бастап KASE-де "Береке" МҚҰ" АҚ келесі облигацияларының саудасы ашылатыны туралы хабарлайды:
- KZ2C00014223 (KASE балама алаңы, "облигациялар" санаты, MFBRb2; 1 000 теңге, 1,5 млрд теңге; 1,5 жыл; тоқсандық купон, жылдық 21,50 %; 30/360);
- KZ2C00014231 (KASE балама алаңы, "облигациялар" санаты, MFBRb3; 1 000 теңге, 1,5 млрд теңге; 2 жыл; тоқсандық купон, жылдық 21,50 %; 30/360);
Көрсетілген облигациялардың KASE сауда-саттық жүйесінде бағасын белгілеу дәлдігі номиналынан пайызбен есептелген облигацияның "таза емес" бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – Қазақстан теңгесі.
Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2025-07-03]