Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
02 шілдеден бастап Jet Group Ltd. Жеке компаниясының KZ2P00014418 (JETGpp1) облигациялары KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" алаңына қосылды
/KASE, 02.07.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листинг комиссиясы 2025 жылғы 01 шілдеде Jet Group Ltd. Жеке компаниясының (Астана) KZ2P00014418 (JETGpp1; 100$; 10,0$ млн; 3,5 жыл; тоқсандық купон, жылдық 12,00%; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" алаңына қосу туралы шешім қабылдады.
Листинг комиссиясының бұл шешімі 2025 жылғы 02 шілдеден бастап күшіне енді.
Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2025-07-02]