04 шілдеде KASE-де "Home Credit Bank" АҚ-тың 5,0 млн дана KZ2C00014124 (HCBNb19) облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді
/KASE, 02.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 04 шілдеде KASE-нің сауда-саттық жүйесінде "Home Credit Bank" АҚ-тың (Алматы) KZ2C00014124 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, HCBNb19) облигацияларын төмендегі талаптармен орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық (Астана уақытымен) жүргізілетінін хабарлайды.
--------------------------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаз түрі: купондық облигациялар ISIN: KZ2C00014124 KASE сауда-саттық коды: HCBNb19 Номиналды құны, теңге: 1 000,00 Шығарылым көлемі, теңге: - тіркелген: 10 000 000 000 – орналастырылған: – Айналыс басталған күн: Облигация орналастыру үшін жүргізілген бірінші сауда-саттық өткізілетін күн Айналыста болатын соңғы күн: кейінірек белгіленеді Өтеу басталатын күн: кейінірек белгіленеді Айналыс мерзімі: 2 жыл (720 күн) Купондық мөлшерлеме: облигация орналастыру бойынша жүргізілген бірінші сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталады Купон төленетін кезең: жылына 2 рет Купон төлеу басталатын күн: кейінірек белгіленеді Уақыттық базасы: 30 / 360 -------------------------------------------- ------------------------------------------ Сауда-саттық өткізілетін күн: 04.07.25 Орналастырудың жарияланған көлемі, 5 000 000 000 теңге: Лот мөлшері, дана: 1 Сауда-саттық мәні: Купон мөлшерлемесі Сатып алуға берілген өтінім түрі: шектелімді Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінім қабылдау уақыты: 10:00–12:00 Өтінімді растау уақыты: 10:00–12:30 Кесім уақыты: 14:30 (Т+0) Төлем жасалатын күн және уақыт: 04.07.25, 14:30 Өтінімдерді кесу әдісі: бағалары кесімдеу бағасына тең немесе одан жоғары өтінімдер алып тасталады Өтінімдердің бағасына байланысты бір баға бойынша бөліп жіктеу шектелімді өтінімдерді анағаттандыру тәсілі: Берілген кезегіне байланысты шектелімді қарсылама өтінімдерді қабылдау уақыты өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: бойынша Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы: "Еуразиялық Капитал" АҚ ---------------------------------------------------------------------------------------
Өтiнiмде баға ретiнде екiншi ондық белгiге дейiнгi дәлдiкпен көрсетiлген облигацияның атаулы құнынан жылдық процентпен купон ставкасының мәнi көрсетiлуге тиiс.
Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны дана түрінде көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны лот мөлшеріне тең немесе оған есе болуы тиіс.
Өтінімнің көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар саны мен бір облигацияның номиналды құны бағасының көбейтіндісі көрсетілуге тиіс.
Сауда көлемі толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған Облигациялардың табыстылығын және облигациялармен жасалатын мәмілелердің сомасын есептеу әдістемесінің 4-тарауына сәйкес есептеледі.
Есеп айырысуды "Бағалы қағаздар орталық депозитарийi" АҚ өзінің ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-тағы шотында өзі сатып алған бағалы қағаздарға төлем жасау үшін кестеде көрсетілген ақшаның болуын қамтамасыз етуге міндетті.
Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтiнiм бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.
Сауда-клиринг жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида толығырақ бойынша жарияланған.
Осы облигациялар шығарылымы туралы толық ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2025-07-02]