02 шілдеден бастап "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ KZ2C00012904 (NITCb1) облигациялары KASE ресми тізімінің балама алаңының "облигациялар" санатынан негізгі алаңының "облигациялар" санатына ауыстырылды
/KASE, 02.07.2025/ - 2025 жылғы 01 шілдеде Қазақстан қор биржасының (KASE) Листинг комиссиясы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-тың KZ2C00012904 (NITCb1; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 27.12.24 – 27.12.27; жартыжылдық купон, жылдық 19,00%; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізімінің балама алаңының "облигациялар" санатынан негізгі алаңының "облигациялар" санатына ауыстыру туралы шешім қабылдады.
Листинг комиссиясының бұл шешімі 2025 жылғы 02 шілдеден бастап күшіне енеді.
KASE-нің 2025 жылғы 30 маусымдағы қорытындысында "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ пен оның көрсетілген облигацияларын тексеру нәтижесінде олардың көрсетілген облигацияларды KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар" санатында болуы үшін Листинг ережелерінде белгіленген критерийлер мен талаптарға сәйкестігі анықталғаны атап өтілді.
[2025-07-02]