KZ
3 шілде 2025, 14:27
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
02.07.2025 10:27 #Қаржы құралдары

02 шілдеден бастап "TAS FINANCE GROUP" МҚҰ" ЖШС (ТАС ФИНАНС ГРУПП) KZ2P00010580 (MFTSb1) және KZ2P00010788 (MFTSb2) облигациялары KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар" санатына ауыстырылды

/KASE, 02.07.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листинг комиссиясы 2025 жылғы 01 шілдеде "TAS FINANCE GROUP" микроқаржы ұйымы" ЖШС (ТАС ФИНАНС ГРУПП) келесі облигацияларын балама алаңның "облигациялар" санатынан KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар" санатына ауыстыру туралы шешім қабылдады:

1) KZ2P00010580 (MFTSb1; 500 000 теңге, 10,0 млрд теңге; айналыс мерзімі 14.12.23 – 14.12.25; тоқсандық купон, жылдық 22,00%; 30/360);

2) KZ2P00010788 (MFTSb2; 500 000 теңге, 10,0 млрд теңге; айналыс мерзімі 19.01.24 – 19.07.26; тоқсандық купон, жылдық 20,50%; 30/360).

Бұл Листинг комиссиясының шешімі 2025 жылғы 02 шілдеден бастап күшіне енеді.

KASE-нің 2025 жылғы 30 маусымдағы қорытындысында көрсетілгендей, "TAS FINANCE GROUP" МҚҰ" ЖШС және көрсетілген облигациялар бойынша жүргізілген тексерудің нәтижелері оларды KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар" санатында орналастыру үшін Листинг ережелерінде белгіленген талаптар мен критерийлерге сәйкестігін көрсетті.

[2025-07-02]