KZ
3 шілде 2025, 17:55
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01.07.2025 19:58 #Сауда-саттық ақпараты

Қазақстанның Қаржы министрлігі жылдық 5,50% мөлшерлемемен XS3093658014, US486661BP50 (KZ_25_3707) 12-жылдық халықаралық облигацияларын орналастыру арқылы KASE-де жазылым арқылы $35,2 млн тартты

/KASE, 01.07.25/ – Бұрын хабарланғандай, 2025 жылғы 24 маусымда Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде жазылу арқылы Қазақстанның Қаржы министрлігінің XS3093658014, US486661BP50 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KZ_25_3707; $1 150,0 млн; 01.07.25 – 01.07.37, жартыжылдық купон; 30/360) халықаралық бағалы қағаздарын бастапқы орналастыру өтті. Төменде сұраным параметрлері мен KASE-де жазылу нәтижесі көрсетілген.

KASE-де аталған облигацияларға жазылуда бірлескен букреннер "Teniz Capital Investment Banking" АҚ болды.

---------------------------------------------------------
СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:                                    
------------------------------------------------ --------
Қатысушы саны:                                   3       
Берілген өтінім саны (барлығы/белсенді),         7 / 6   
оның ішінде:                                             
– шектелімді:                                    3 / 3   
– нарықтық:                                      4 / 3   
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн АҚШ доллары:     66,7    
оның ішінде:                                             
– шектелімді:                                    31,5    
– нарықтық:                                      35,2    
---------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер – өтінім беру кезеңі аяқталған сәтте
  сауда-саттыққа қатысушылар күшін жоймаған, оған          
  қоса Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.     

Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің 97,5% банктердің үлесіне, 2,2% өзге институттық инвесторлардың, 0,3% басқа заңды тұлғалардың үлесіне тиеді.

ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕСІ:

--------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, облигация саны:                           35 200 000      
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, АҚШ доллары:                                 35 200 000,0    
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 
1 шілдедегі бағамы бойынша теңгедегі баламасы:                                    18 291 328 000,0
Қанағаттандырылған өтінімдердің саны:                                             3               
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны:                                   2               
Сатып алушы үшін облигациялардың өтеуге кірістілігі,                              5,5000          
жылдық %                                                                                                                                      
--------------------------------------------------------------------------------------------------------

Орналастырған кезде инвесторлардың негізгі санаттары ішінде облигациялардың жалпы көлемінің 99,4%-ын банк, 0,6%-ын басқа заңды тұлғалар сатып алған.

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-тың (Алматы) дерегіне сәйкес осы ақпаратты орналастырған сәтте көрсетілген облигацияларға жазылу нәтижесі бойынша мәмілелер бойынша есеп айырысу жүргізілген, жазылу аяқталды.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:

--------------------------------- ----------------------
Жазылу жүргізілетін күн:          24.06.25              
Сатып алуға берілген өтінім түрі: шектеулі және нарықтық
Өтінім қабылдау уақыты:           14:00–21:45           
Мәміле жасалған күн:              01.07.25              
Есеп айырысу жүргізілген күн:     01.07.25              
--------------------------------------------------------

[2025-07-01]