Қазақстанның Қаржы министрлігі жылдық 5,00% мөлшерлемемен XS3093655341, US486661BN03 (KZ_24_3207) жетіжылдық халықаралық облигацияларын орналастыру арқылы KASE-де жазылым арқылы $171,5 млн тартты
/KASE, 01.07.25/ – Бұрын хабарланғандай, 2025 жылғы 24 маусымда Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде жазылу арқылы Қазақстанның Қаржы министрлігінің XS3093655341, US486661BN03 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KZ_24_3207; $1 350,0 млн; 01.07.25 – 01.07.32, жартыжылдық купон; 30/360) халықаралық бағалы қағаздарын бастапқы орналастыру өтті. Төменде сұраным параметрлері мен KASE-де жазылу нәтижесі көрсетілген.
KASE-де аталған облигацияларға жазылуда бірлескен букреннер "Teniz Capital Investment Banking" АҚ болды.
--------------------------------------------------------- СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ: ----------------------------------------------- --------- Қатысушы саны: 9 Берілген өтінім саны (барлығы/белсенді), 28 / 18 оның ішінде: – шектелімді: 20 / 12 – нарықтық: 8 / 6 Белсенді өтінімдер көлемі*, млн АҚШ доллары: 282,0 оның ішінде: – шектелімді: 221,2 – нарықтық: 60,8 --------------------------------------------------------- * белсенді өтінімдер – өтінім беру кезеңі аяқталған сәтте сауда-саттыққа қатысушылар күшін жоймаған, оған қоса Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.
Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің 95,7% банктердің үлесіне, 0,3 % брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне, 0,2% өзге институттық инвесторлардың, 3,8% басқа заңды тұлғалардың үлесіне тиеді.
ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕСІ:
------------------------------------------------------------------------------------------------- Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, облигация саны: 171 500 000 Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, АҚШ доллары: 171 500 000,0 Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1 шілдедегі бағамы бойынша теңгедегі баламасы: 89 118 260 000,0 Қанағаттандырылған өтінімдердің саны: 11 Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны: 8 Сатып алушы үшін облигациялардың өтеуге кірістілігі, жылдық % 5,0000 -------------------------------------------------------------------------------------------------
Орналастырған кезде инвесторлардың негізгі санаттары ішінде облигациялардың жалпы көлемінің 93,3%-ын банктер, 0,1%-ын брокерлік- дилерлік ұйымдар, 0,3%-ын өзге институционалдық инвесторлар, 6,3%-ын басқа заңды тұлғалар сатып алған.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-тың (Алматы) дерегіне сәйкес осы ақпаратты орналастырған сәтте көрсетілген облигацияларға жазылу нәтижесі бойынша мәмілелер есептелген, жазылу аяқталды.
ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:
---------------------------------- ---------------------- Жазылу жүргізілетін күн: 24.06.25 Сатып алуға берілген өтінім түрі: шектеулі және нарықтық Өтінім қабылдау уақыты: 14:00–21:45 Мәміле жасалған күн: 01.07.25 Есеп айырысу жүзеге асырылған күн: 01.07.25 ---------------------------------------------------------
[2025-07-01]