KZ
1 шілде 2025, 20:10
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01.07.2025 15:02 #Корпоративтік уақиғалар

KASE өзінің интернет-ресурсында Freedom Holding Corp. компаниясының маусым айындағы Қазақстанның өңдеуші салаларының PMI шолуын жариялады

/KASE, 01.07.25/ – Freedom Holding Corp. Қазақстан қор биржасына (KASE) 2025 жылдың маусым айындағы Қазақстанның өңдеуші салаларының іскерлік белсенділік индексіне (PMI) шолу ұсынды.

Төменде Freedom Finance Global PLC (Freedom Holding Corp. 100 % еншілес компаниясы). Қаржылық талдау департаментінің директоры Ерлан Әбдікәрімовтың пікірлері келтірілген

"Маусымда Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі секторында сұраныстың бәсеңдеуі мен техникалық ақаулар әсерінен, ұзақ уақыттан бері алғаш рет өндірістің елеулі бәсеңдеуі тіркелді. Біздің ойымызша бұл – ұзақ мерзімді құлдыраудың басы емес, қысқа мерзімді түзетуге көбірек ұқсайды. Жаңа тапсырыс өсімі баяулағанымен бірге, операциялық шығындар және шикізат, логистика және валюта бағамына қатысты қауіптер әлі сейілер емес. Сонымен қатар ірі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асуы кешеуілдеуі ықтимал екені барған сайын айқындала түсті. Бұл тұрғыда, мұның бәрі қазіргі таңда компанияларды өндірістік жоспарды қайта қарауға, қызметкерлер санын қысқартуға және қойма қорларын азайтуға итермелеп отыр. Дегенмен таяу болашаққа жасалған жоспарлар оптимизмнің артқанын көрсетеді.".

Қазақ тіліндегі шолу – толығырақ

Орыс тіліндегі шолу – толығырақ

Ағылшын тіліндегі шолу – толығырақ

[2025-07-01]