KZ
3 шілде 2025, 08:18
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01.07.2025 14:47 #Корпоративтік уақиғалар

"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ S&P Global Ratings агенттігі компания рейтингін "ВВВ-" деңгейіне көтергені туралы хабарлады, болжам "Тұрақты"

/KASE, 01.07.25/ – "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (KASE тикері – KMGZ) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

2025 жылғы 27 маусымда халықаралық рейтингтік агенттік S&P Global Ratings ҚМГ-ның несиелік рейтингін "BB+" деңгейінен "BBB-" деңгейіне дейін арттырғанын хабарлайды. Бұл шешім компанияның дербес несие қабілеттілігі мен тұрақты ақша ағынының жақсаруы нәтижесінде қабылданып, болжам "тұрақты" деп белгіленді.

ҚМГ-ның дербес несие қабілеттілігі «bb» деңгейінен "bb+" деңгейіне дейін көтерілді. Бұл қарыз көлемінің едәуір қысқаруы, дивидендтерді бөлуге теңгерімді көзқарас және инвестициялардың қайтарымдылығы арқасында компанияның бизнес-моделінің орнықтылығын растайды. "Тұрақты" болжам – компанияның алдағы күрделі шығындарды тиімді басқаруына, бекітілген қаржылық саясатқа сәйкес әрекет етуіне және мұнай бағасының құбылуы мен басқа да сыртқы күйзелістерге төтеп бере алуына деген сенімді көрсетеді.

Нәтижесінде, ҚМГ-ның несиелік рейтингі Қазақстан Республикасының егемендік рейтингінің деңгейіне дейін көтерілді.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі толық ақпарат орналастырылды – толығырақ

Орыс тіліндегі толық ақпарат орналастырылды – толығырақ

Ағылшын тіліндегі толық ақпарат орналастырылды – толығырақ

[2025-07-01]