KZ
1 шілде 2025, 20:15
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01.07.2025 12:39 #Қаржы құралдары

01 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің XS3093655341 (KZ_24_3207) және XS3093658014 (KZ_25_3707) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді

/KASE, 01.07.25 / – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2025 жылдың 19 маусымында шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес облигациялық бағдарлама шегінде шығаруға жоспарланған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің халықаралық облигацияларын KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізу туралы шешім қабылдады:

  • XS3093655341, US486661BN03 (KZ_24_3207; $1 350,0 млн; 01.07.25 – 01.07.32, жарты жылдық купон, жылдық 5,00 %, 30/360);
  • XS3093658014, US486661BP50 (KZ_25_3707; $1 150,0 млн; 01.07.25 – 01.07.37, жарты жылдық купон, жылдық 5,50 %, 30/360).

Басқарманың бұл шешімі 2025 жылдың 01 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Аталған облигацияларға рұқсат берудің бастамашысы "Teniz Capital Investment Banking" АҚ болып табылады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-07-01]