KZ
31 шілде 2025, 01:18
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
30.06.2025 15:06 #Қаржы құралдары

01 шiлдеден бастап Қазақстан қор биржасында үш атаудағы жай акциялардың саудасы тоқтатылады

/KASE, 30.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 16 маусымынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық тәртіптемелерінде репо операциялары бойынша келесі жай акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:

1) есеп айырысу күні 2025 жылдың 07 шілдесіне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін Micron Technology, Inc. US5951121038 ("KASE Global" секторы, MU_KZ) жай акциялары, сауда-саттық 2025 жылдың 09 шілдесінен бастап қайта басталады;

2) есеп айырысу күні 2025 жылдың 10 шілдесіне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін US00206R1023 ("KASE Global" секторы, T_KZ) AT&T Inc., сауда-саттық 2025 жылдың 14 шілдесінен бастап қайта басталады;

3) есеп айырысу күні 2025 жылдың 25 шілдесіне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін Pfizer Inc. US7170811035 ("KASE Global" секторы, PFE_KZ), сауда-саттық 2025 жылдың 28 шілдесінен бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.

[2025-06-30]