30 маусымнан бастап KASE KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен "Kaspi Bank" АҚ KZ2C00003309 (CSBNb18) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады
/KASE, 30.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 30 маусымынан бастап "Kaspi Bank" АҚ-ның негізгі алаңының (KASE_BM* сериясы) KZ2C00003309 (CSBNb18) облигацияларының айналым мерзімінің аяқталуына байланысты корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен алып тастады (30 маусым – өтеу кезінде тіркелген күні).
2025 жылдың 30 маусымынан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 66 атаудағы облигациялардан тұратын болады.
KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.
KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағандағы бағалар бойынша ("таза" бағалар бойынша) есептелетін корпоративтік облигациялар бағасының индексі.
Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-06-30]