KZ
29 маусым 2025, 05:32
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
27.06.2025 18:16 #Сауда-саттық ақпараты

"Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ 27 маусымда KASE-де жылдық 14,50% мөлшеріндегі өтеуге дейінгі кірістілікпен KZ2C00014355 (SEGRb1) oблигaцияларын орналастырып, жазылу арқылы 90,0 млрд теңге тартты

/KASE, 27.06.25/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының сауда-саттық жүйесінде (KASE) "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ (Екібастұз) KZ2C00014355 (KASE негізгі алаңы; облигациялар" санаты, SEGRb1; 1 000 теңге, 90,0 млрд теңге; 27.06.25 – 27.06.40; жартыжылдық купон, жылдық 14,50%; 30/360) облигацияларын бастапқы орналастыру болды. Төменде сұраным параметрлері мен жазылу нәтижесі көрсетілген.

Көрсетілген облигацияларға жазылу жүргізілген кезде, сатушы "SkyBridge Invest" АҚ (Алматы) болды.

СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:

-------------------------------------------------- -----------
Қатысушы саны:                                     1          
Берілген өтінім саны (барлығы/белсенді),           2 / 1      
оның ішінде:                                                  
– шектелімді:                                      2 / 1      
– нарықтық:                                        0 / 0      
Белсенді өтінімдер көлемі*, теңге:                 90 000,0   
оның ішінде:                                                  
– шектелімді:                                      90 000,0   
– нарықтық:                                        0,0        
Сұранымның ұсынымға қатынасы:                      100,0%     
Берілген өтінімдер бойынша                         100,0000   
"таза" баға, номиналының % (барлығы/белсенді):                
Берілген өтінімдер бойынша кірістілік,             14,5000    
жылдық % (барлығы/белсенді):                                  
--------------------------------------------------------------
* қолданыстағы өтінімдер – қатысушылар күшін жоймаған өтінімдер
  сауда-саттыққа өтінім беру мерзімі аяқталған кезде,         
  оның ішінде Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер. 

ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕСІ:

------------------------------------------------------------- ----------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, облигация саны:       90 000 000      
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, теңге:                90 000 000 000,0
Қанағаттандырылған өтінімдердің саны:                         1               
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны:               1               
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, жоспардың %:          100,0           
Қанағаттандырылған өтінімдердің "таза" бағасы, теңге:         100,0000        
Сатып алушы үшін облигациялардың өтеуге кірістілігі,
жылдық % 14,5000         
------------------------------------------------------------------------------

“Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі” АҚ-тың (Алматы) дерегіне сәйкес осы ақпаратты орналастырған сәтте көрсетілген облигацияларға жазылу нәтижесі бойынша мәміле есептелген, жазылу аяқталды.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:

--------------------------------------- ---------------
Жазылу жүргізілетін күн:                27.06.25       
Орналастырудың номиналды көлемі, теңге: 90 000 000 000 
Сатып алуға берілген өтінім түрі:       шектелімді     
Өтінім қабылдау уақыты:                 15:00–15:30    
Бір облигацияның бағасы, теңге          1 000          
Мәміле жасалған күн мен уақыт:          27.06.25, 16:30
Есеп айырысу жүргізілген күн мен уақыт: 27.06.25, 16:30
-------------------------------------------------------

[2025-06-27]