KZ
29 маусым 2025, 05:31
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
27.06.2025 15:38 #KASE мүшелері

KASE Директорлар кеңесі "Райффайзенбанк" АҚ-ты "қор" және "деривативтер" санаттары бойынша KASE шетелдік мүшесі ретінде қабылдау туралы шешім қабылдады

/KASE, 27.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Директорлар кеңесінің 2025 жылғы 27 маусымдағы шешімімен "Райффайзенбанк" АҚ "қор" және "деривативтер" санаттары бойынша KASE шетелдік мүшесі болып қабылданды.

Бұл санаттар бойынша мүшелік KASE-де айналысқа (саудаға) жіберілген бағалы қағаздармен, сондай-ақ туынды қаржы құралдарымен биржалық сауда-саттыққаа қатысу құқығын береді.

Директорлар кеңесінің осы шешімі күшіне енетін күн туралы қосымша хабарланады.

[2025-06-27]