KZ
29 маусым 2025, 05:31
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
27.06.2025 17:52 #Сауда-саттық ақпараты

BI Development Ltd жеке компаниясы 27 маусымда Қазақстан қор биржасында KZ2D00012861 (BIGDb5) облигацияларын жылдық 19,50% мөлшеріндегі өтеуге дейінгі кірістілікпен орналастырып, 2,0 млрд теңге тартты

/KASE, 27.06.25/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының сауда-саттық жүйесінде (KASE) BI Development Ltd. жеке компаниясының (Астана) KZ2D00012861 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BIGDb5; 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 29.05.25 – 29.05.27; жартыжылдық купон, жылдық 19,50%, 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті. Төменде сұраным параметрлері мен мамандандырылған сауда-саттық нәтижесі көрсетілген.

СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:

------------------------------------------------ ---------
Қатысушы саны:                                   3        
Берілген өтінім саны (барлығы/белсенді),         5 / 4    
оның ішінде:                                              
– шектелімді:                                    5 / 4    
– нарықтық:                                      0 / 0    
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге:           3 051,7  
оның ішінде:                                              
– шектелімді:                                    3 051,7  
– нарықтық:                                      0,0      
Сұранымның ұсынымға қатынасы:                    150,4%   
Берілген өтінімдер бойынша                       99,9411  
"таза" баға, номиналының % (барлығы/белсенді):            
Берілген өтінімдер бойынша кірістілік,           19,5000  
жылдық % (барлығы/белсенді):                              
----------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер – өтінім беру кезеңі аяқталған сәтте 
  сауда-саттыққа қатысушылар күшін жоймаған, оған           
  қоса Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.      
                                                                                                          
Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің 33,2% банктердің үлесіне, 
66,5% өзге институционалдық инвесторлардың, 0,3% жеке адамдардың 
үлесіне тиеді.

ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕСІ:

----------------------------------------------------- -------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, облигация     2 000 000    
саны:                                                              
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, теңге:        2 029 155 333
Қанағаттандырылған өтінімдердің саны:                 3            
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны:       2            
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, жоспардың %:  100,0        
Қанағаттандырылған өтінімдердің "таза" бағасы,        99,9411      
номиналдың %:                                                      
Сатып алушы үшін облигациялардың өтеуге кірістілігі,  19,5000      
жылдық %                                                           
-------------------------------------------------------------------

Орналастырған кезде инвесторлардың негізгі санаттары ішінде облигациялардың жалпы көлемінің 50,0%-ын банктер, 50,0 %-ын басқа институционалдық инвесторлар сатып алған.

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес сауда-саттық нәтижесі бойынша есеп айырысу аяқталған сәтте осы орналастыру бойынша мәмілелер толық орындалды.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:

------------------------------------------- --------------------------------------
Сауда-саттық өткізілетін күн:               27.06.25                              
Өтеуге дейінгі мерзім:                      1,9 жыл (692 күн)                     
Орналастырудың жарияланған көлемі, теңге:   2 000 000 000                         
Лот мөлшері, дана:                          1                                     
Сауда-саттық  мәні:                         “таза” баға                           
Сатып алуға берілген өтінім түрі:           шектелімді                            
Өтінім беру тәсілі:                         жабық                                 
Өтінім қабылдау уақыты:                     10:00–11:30                           
Өтінімді растау уақыты:                     10:00–11:30                           
Кесім уақыты:                               12:30 (Т+0)                           
Төлем жасалатын күн және уақыт:             27.06.25, 12:30                       
Өтінімдерді кесу әдісі:                     бағалары кесімдеу бағасына тең немесе 
                                            одан төмен өтінімдер кесімделеді      
Өтінімдердің бағасына байланысты шектелімді кесім бағасына тең немесе сатушы үшін 
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:          ұтымдырақ болатын қарсылама           
                                            шектелімді өтінімдердің бағасы бойынша
Берілген кезегіне байланысты шектелімді     қарсылама өтінімдерді қабылдау уақыты 
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:          бойынша                               
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:       "Сентрас Секьюритиз" АҚ               
----------------------------------------------------------------------------------

[2025-06-27]