KASE 2025 ЖЫЛДЫҢ ШІЛДЕ АЙЫНА ӨТІМДІЛІКТІҢ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАРЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТІЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ
/KASE, 27.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына сәйкес KASE-де айналысқа жіберілгендер қатарынан 2025 жылдың шілде айына арналған инвестициялық қорлардың акцияларының, депозитарлық қолхаттарының және бағалы қағаздарының бірінші, екінші және үшінші өтімділік кластарының тізімдерін (бұдан әрі – бағалы қағаздар тізімдері) қалыптастырды.
Бағалы қағаздардың тізімдері индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеттің 2025 жылдың 23 маусымындағы шешімімен бекітілді және ондағы бағалы қағаздарға KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану мақсатында қалыптастырылды.
2025 жылдың 01-31 шілдесі аралығында қолданылатын өтімділіктің бірінші класындағы бағалы қағаздар тізіміне 69 атаудағы бағалы қағаздар кіреді. 2025 жылдың маусымында құрылған өтімділіктің бірінші класындағы бағалы қағаздарының қолданыстағы тізімімен салыстырғанда мыналар тізімнен алып тасталды:
1) "First Heartland Jusan Invest" АҚ басқаруындағы "allEM" интервалдық инвестициялық пай қорының (ИИПҚ) KZPF00000140 пайлары ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIpc);
2) iShares 20+ Year Treasury Bond ETF US4642874329 ETF ("KASE Global" секторы, TLT_KZ);
3) "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы "еурооблигациялар қоры" ИИПҚ KZPF00000025 пайлары ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, CSECfe);
4) Citigroup Inc. US1729674242 жай акциялары ("KASE Global" секторы, C_KZ);
5) "First Heartland Jusan Invest" АҚ басқаруындағы "allGA"ИПИФ KZPF00000132 пайлары ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIag);
6) Invesco Water Resources ETF US46137V1420 ETF ("KASE Global" секторы, PHO_KZ).
2025 жылдың шілде айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының бағалы қағаздар тізімдері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ
2025 жылдың маусым айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының бағалы қағаздар тізімдері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ
Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ
[2025-06-27]