"Маңғыстау өңірлік электржелілік компаниясы" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын 23 шілдеде өткізу туралы хабарлама
/KASE, 27.06.25/ – "Маңғыстау өңірлік электржелілік компаниясы" АҚ (KASE тикері – MREK) 2025 жылдың 23 шілдесінде акционерлердің жылдық жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлайды.
Жиналыстың күн тәртібі:
1) қоғамның 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы бюджетінің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы;
2) қоғамның Директорлар кеңесі туралы қағиданы бекіту туралы;
3) қоғамның 2024 жылға жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы;
4) қоғамның 2024 жылға жылдық қаржылық есептілігінің қорытындылары бойынша қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу немесе төлемеу туралы;
5) қоғамның Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;
6) қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесін сайлау туралы.
Жиналысты өткізу туралы ақпарат – толығырақ
[2025-06-27]