KZ
29 маусым 2025, 06:13
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
27.06.2025 09:48 #Сауда-саттық ақпараты

Бүгін KASE-де "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-тың 45,0 млн дана KZ2C00014512 (SKKZb27) облигациясын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді

/KASE, 27.06.25/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана) KZ2C00014512 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, SKKZb27) облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық төменде көрсетілген талаптармен (Астана қ.) өтіп жатыр:

--------------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаз түрі:                        купондық облигациялар                 
ISIN:                                     KZ2C00014512                          
KASE сауда-саттық коды:                   SKKZb27                               
Номиналды құны, теңге:                    1 000,00                              
Шығарылым көлемі, теңге:                                                        
- тіркелген:                              45 000 000 000                        
– орналастырылған:                        –                                     
Айналыс басталған күн:                    Облигация орналастыру үшін жүргізілген
                                          бірінші сауда-саттық өткізілетін күн  
Айналыста болатын соңғы күн:              кейінірек белгіленеді                 
Өтеу басталатын күн:                      кейінірек белгіленеді                 
Айналыс мерзімі:                          15 жыл (5 400 күн)                    
Купондық мөлшерлеме:                      өзгермелі (инфляция индексі           
                                          бекітілген купон)                     
Купон төленетін кезең:                    жылына 2 рет                          
Купон төлеу басталатын күн:               кейінірек белгіленеді                 
Уақыттық базасы:                          30 / 360                              
----------------------------------------- --------------------------------------
Сауда-саттық өткізілетін күн:             27.06.25                              
Орналастырудың жарияланған көлемі, теңге: 45 000 000 000                        
Лот мөлшері, дана:                        1                                     
Сауда-саттық  мәні:                       бекітілген купон мөлшерлемесі         
Сатып алуға берілген өтінім түрі:         шектелімді                            
Өтінім беру тәсілі:                       жабық                                 
Өтінім қабылдау уақыты:                   10:00–12:00                           
Өтінімді растау уақыты:                   10:00–12:30                           
Кесім уақыты:                             13:00 (Т+0)                           
Төлем жасалатын күн және уақыт:           27.06.25, 13:00                       
Өтінімдерді кесу әдісі:                   бағалары кесімдеу бағасына тең
       
                                          немесе одан жоғары өтінімдер
         
                                          алып тасталады                        
Өтінімдердің бағасына байланысты
         бір баға бойынша бөліп жіктеу;        
шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру
                                          
тәсілі:                                                                         
Берілген кезегіне байланысты
             қарсылама өтінімдерді қабылдау
       
шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру
    уақыты бойынша                        
тәсілі:                                                                         
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:     "Қазақстан Халық Банкінің еншілес     
                                          ұйымы "Halyk Finance” АҚ              
--------------------------------------------------------------------------------

Өтiнiмде баға ретiнде екiншi ондық белгiге дейiнгi дәлдiкпен көрсетiлген облигацияның номиналды құнынан жылдық процентпен бекітілген купондық мөлшерлеме мәнi көрсетiлуге тиiс.

Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны дана түрінде көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны лот мөлшеріне тең немесе оған есе болуы тиіс.

Өтінімнің көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар саны мен бір облигацияның номиналды құны бағасының көбейтіндісі көрсетілуге тиіс.

Сауда көлемі толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған Облигациялардың табыстылығын және облигациялармен жасалатын мәмілелердің сомасын есептеу әдістемесінің 4-тарауына сәйкес есептеледі.

Есеп айырысуды "Бағалы қағаздар орталық депозитарийi" АҚ өзінің ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-тағы шотында өзі сатып алған бағалы қағаздарға төлем жасау үшін кестеде көрсетілген ақшаның болуын қамтамасыз етуге міндетті.

Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтiнiм бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Сауда-клиринг жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Осы облигациялар шығарылымы туралы толық ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

[2025-06-27]